Мемлекет басшысы Вашингтонға ресми сапармен келді

16 Қаңтар, 2018 08:29
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Барлық жаңалықтар