• Басты
  • Қ.Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті
15 Қаңтар, 2018 20:49

Қ.Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті

Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Орталық Азия елдерімен достық парламенттік тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегацияны қабылдады,деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті

 Кездесу барысында екіжақты қатынастар және парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы 1917 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Финляндия жоғары деңгейдегі экономикалық және технологиялық даму нәтижесін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Финляндиямен қарым-қатынас, әсіресе «жасыл» технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану трансферті мәселелері бойынша тәжірибесі мол Суомимен ынтымақтастық Қазақстанға зор ықылас туғызып отыр. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2015 жылғы V Съезінің жұмысына қосқан үлесіне орай Финляндия Президенті С.Ниинистёге ризашылық білдірді және халықаралық мамандандырылған ЭСКПО-2017 көрмесіне белсенді қатысқаны үшін фин басшыларына алғыс айтты.

Тараптар Астанадағы ЭКСПО алаңдарында көрсетілген жобалар: БҰҰ «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық хаб, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық ІТ-стартап технопаркі аясында бұдан былайғы ынтымақтастықтың келешегі туралы туралы пікір алмасты. Фин депутатының айтуынша, бұл саланың екіжақты ынтымақтастық әлеуетін іске асырудың зор мүмкіндігі бар.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Финляндияның көлік-логистика саласындағы, әсіресе, қытайдың «Бір белдеу, бір жол» және Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасын ұштастыру тұрғысында әріптестік қатынастарының келешегі зор екенін атап өтті.

«Біз Финляндияны Балтық жағалауы және Солтүстік Еуропа аймағындағы жетекші көлік хабы ретінде қарастырамыз», - деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, кеңінен тәжірибе бөлісуге, сондай-ақ оқытушылар мен студенттерді алмастыруға шақырды. Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы туралы хабардар етіп, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы елімізді жаңғыртудың 10 негізгі міндет жайында айтып берді. В.Скиннари Жолдауды жоғары бағалай отырып, екі елдің алдында тұрған: цифрландыру, экономикалық реформалар, «жасыл» технологияларды дамыту қажеттігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес және басқа да жауапты міндеттердің ортақтығын атап өтті.

«Бұл қатерлерді ойдағыдай еңсеру үшін бізге бірге жұмыс істеу керек», - деді фин парламентшісі.

Ол Қазақстан алдында ауқымды міндеттерді шешуде Финляндияның жәрдемдесуге әзір екенін нақтылады. Сенат басшысы екіжақты парламенттік өзара іс-қимылдың қарқынына ризашылық білдіріп, фин тарапын парламенттік делегациялар алмасуға шақырды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды