- Басты
- Жаңалықтар
- Кәсіпорындардың жаңа технологияларды қолдануға қызығушылығын арттыру керек - Азат Перуашев
Кәсіпорындардың жаңа технологияларды қолдануға қызығушылығын арттыру керек - Азат Перуашев
«Осы жылға арналған халыққа Жолдауда Мемлекет басшысы маңызды бірқатар міндеттерді атап көрсетті. Кейбір бағыттар Жолдаудан Жолдауға көшіп келеді деуге болады. Бұл дұрыс, Жолдауда көрсетілген басымдықтар кездейсоқтық емес, олар шын мәнінде стратегиялық тұрғыда өте маңызды», - деді депутат Азат Перуашев.
Ол атап өткендей, Мемлекет басшысы Жолдауда бірқатар жағдайларды атап көрсетті. Мәжіліс депутатының айтуынша, кәсіпорындарды цифрландыруға басымдық берді.
«Индустрияландырудың үшінші бес жылдығы туралы айтатын болсақ осы жолы Президент инновациялық индустрияландыруға басымдық берді және де цифрлық технологияларды дамытуға және шынайы жағдайда өндіріске жаңа технологияларды енгізуге тапсырма берді», - деп атап өтті А. Перуашев.
Сонымен қатар, депутат бүгінгі жағдайда экономиканың нақты секторы кәсіпорындарға жаңа технологияларды қолдануға қызықтыру керек, деп толықтырды.
«Мен өте көп зерттемелері бар ғалымдар мен инженерлер қай есікті қағарын білмей жүргенін білемін. Олардың зерттемелері, жаңа әдістері бар, алайда олар бизнесте белсенді қолданылмайды. Бұдан басқа, жасыл технологияларды енгізу де өте маңызды – бұл біздің қазақстандық өнімнің экологиялық таза және Қазақстанның ұлттық брендіне айналуына көмектеседі», - деп түйіндеді депутат.
Ақбота Күзекбай
Фото: Kapital.kz
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер