- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың 71,3%-ы ҚР Президентінің Жолдауымен танысты
Қазақстандықтардың 71,3%-ы ҚР Президентінің Жолдауымен танысты
СТСЗО директоры атап өткендей, аталған зерттеудің өзектілігі, ол елде өткізіліп жатқан Үшінші жаңғыру бағытында жетістікке қол жеткізу және Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жолында қоғамдық сананың жай-күйінің маңыздылығына негізделген.
«СТСЗО-ның блиц-сұрауына сәйкес, халықтың 71,3% Президенттің Жолдауы туралы хабардар. Ендігі міндет – Жолдаудың мазмұнын барынша толық ашып, халыққа жеткізу болмақ. Бұл орайда әлеуметтің көңіл-күйін түсіну маңызды», - деді Юлия Кучинская.
Ол атап өткендей, Қазақстанда Үшінші жаңғыртуды жүргізудегі Елбасының саяси бағытын жүзеге асыруы үшін керекті қолайлы әлеуметтік алғышарттар бар.
«Елдегі саяси жағдай бағасының индексі (72,5) Президенттің жаңа Жолдаудағы азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім «біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретіні» туралы тұжырымымен керемет үйлесіп тұр», -деді Юлия Кучинская.
Сонымен қатар, спикер атап өткендей, тұрғындардың ең өткір мәселелері үштігін материалдық проблемалар – азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағаларының өсуі (67,9%), табыстың төмендігі (30%) және коммуналдық қызметтің жоғары тарифтері (26,5%) бастайды. Бұл проблемалар тұрғындар үшін ең жанға бататындары болып табылады.
Бұдан басқа ол атап өткендей, 2017 жылдың ағымында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жалпы алғанда жақсы деген көрсеткішке ие болдды.
«Өткен жылдың төртінші тоқсанында 86,2% тұрғынның көңіл-күйі жақсы, 9% бойында бір кернеу сезінеді және 2,9%-ы ғана респонденттер үрей немесе қорқыныш күйін сезінеді. Сауалнамаға қатысушылардың пікірі бойынша, соңғы үш ай ішінде олардың өмірінде жағымсыз оқиғадан гөрі, жағымды оқиғалар 5,2 есеге артқан. Бұл қоғамдық көңіл-күйдің жалпы көрінісін береді», - деді Юлия Кучинская.
Сөз соңында ол елде өзгерістер қажеттігін бағалау кезінде қандайй көрініс бой көрсететітін хабарлады. «Кең ауқымды өзгерістер» керектігі туралы пікірді сұралғандардың 40,4%-ы қолдайды, шамамен осыншалықты сұралғандар (37,2%) өзгерістер керек, тек ол азын-аулақ болуы керек деп есептейді. Сонымен қатар, бәрі бұрынғысынша қала берсін, ешқандай өзгеріс керегі жоқ деп санайтындар да бар (олардың үлесі 8,9%).
«Жұрттың қалың бұқарасының санасындағы мұндай өзіндік діңгек ахуалын өзгертіп, оны жаңғыру үдерісін жай бақылаушыдан белсенді қолдаушылар жағына өткізу керек. Қоғамдық сана мен әлеуметтік көңіл-күйдегі аталмыш ахуал Президенттің жаңа Жолдауына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде ескерілуі тиіс», -деп түйіндеді спикер.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы