- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин финляндиялық әріптестерімен Елбасы Жолдауын талқылады
Н. Нығматулин финляндиялық әріптестерімен Елбасы Жолдауын талқылады
Тараптар қазақстандық-финдік қатынастың өзекті мәселелерін алға тарта келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына айрықша назар аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Елбасы өз Жолдауында мемлекет алдында тұрған он басым бағытқа тоқталғанын атап өткен Палата Төрағасы әсіресе, жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру мәселесіне барынша көңіл бөлді.
Н. Нығматулин финляндиялық әріптестерімен аталған саланы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жайын талқылады. Өйткені, Финляндия инновациялық даму тұрғысынан алдыңғы қатарлы елдердің бірі.
Сондықтан олардың заңнамалық тәжірибесі қызығушылық тудырады. Мәжіліс Спикері атап өткендей, осы ретте ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтардың рөлі зор.
Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстан Президенті Жолдауының маңыздылығын айта келіп, инновация, цифрландыру салаларындағы ортақ мақсаттарға түйістіретін басым бағыттарға тоқталды.
Кездесу иелері қос мемлекет ынтымақтастығының стратегиялық сипатына мән беріп, екіжақты қарым-қатынастың сындарлы дамуына сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады