- Басты
- Жаңалықтар
- Әділет министрі Сот сараптамасын өтеу жүйесін дұрыс қалыптастыру туралы айтып берді
Әділет министрі Сот сараптамасын өтеу жүйесін дұрыс қалыптастыру туралы айтып берді
Өз сөзінде Марат Бекетаев министрлік Елбасы Жолдауының тоғызыншы тармағының негізгі бағыттарын ерекшелеп алғанын айтты.
Министр айтып өткендей, тапсырыс пен сараптама қызметін төлеу жүйесі Қазақстанда тиімсіз қалыптасқан.
«Қарама-қайшылықты қалыптастырып отырған мәселе, сараптаманы бір орган тапсырса, төлемді екінші орган жасайды. Соттар мен құқыққорғау органдары артық сараптама белгілейді, ал аяқталған зерттеулер әртүрлі себептерге байланысты қажетсіз болып қалады. Тергеуші ретіндегі тапсырыс берушілер сараптаманың бағасын ескермейді. Шығындарға тәуелді емес бизнес үрдіс экономикалық модель үшін тиімсіз», - деді М.Бекетаев.
Сондықтан да ведомство соттар мен зерттеушілер жасалатын сараптаманың бағасын ескеретін жүйені кезеңдеп енгізуді қарастырып отыр.
«Бұл бюджеттік қаржыны есепті түрде қолданып, артық сараптама жасауды қысқартады. Бұл іске алғашқы қадам жасалды. 2017 жылы Ішкі істер министрлігімен бірлескен келісім жасадық. Ол бойынша өзара тексеру жүргіземіз», - деді Әділет министрі.
Екінші бағыт сот сараптамасының пішініне байланысты болып отыр. Министрдің айтуынша, оның негізгі тұтынушысы мемлекет болып отыр.
«Бұл біздің ойымызша, дұрыс емес. Сарапшылық қызметің моделі бірқатар тапсырушыларды қажет етеді. Бұл пішін бойынша қорғаушылар айтарлықтай рөл ойнайды. Сот сараптамасының шынайы моделі айыпталушы тараптың сараптамасын қажет етеді. Ал қорғау тарапы әлі айтарлықтай дамымаған», - деді ол.
М.Бекетаевтың айтуынша, жаңа мүмкіндіктер сот сараптамасындағы тараптар жұмысына оң әсер етеді.
Айта кетейік, осыған дейін министр сот сараптамасы саласында келісімді жалақыны төлеу үлгісін енгізу мамандар проблемасының бірқатарын шешуге көмектесетіндігін айтты.
Ақбота Күзекбай
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты