• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның жолымен өзгеде елдер жүретін болса әлем жақсы жаққа өзгереді – сарапшы

Қазақстанның жолымен өзгеде елдер жүретін болса әлем жақсы жаққа өзгереді – сарапшы

15 Қаңтар, 2018 16:17
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында елімізді дамыту бойынша атап көрсеткен 10 міндеті көреген қадам болды, деп хабарлады Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің экс-ректоры Кишор Махбубани.

Оның айтуынша, әлім жедел өзгеруде және барлық ұлттар соған бейімделуі керек.

«Қазақстан Орталық Азияда және әлемде бейімделу бойынша оң нәтиже көрсетуде. Елдер Қазақстан бастап отырған жаңғыру бойынша жолымен жүретін болса әлем жақсы жаққа қарай өзгереді», - деп есептейді шетелдік сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Барлық жаңалықтар