- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайға экспортталатын қазақстандық газ көлемі жылына 10 млрд текше метрге жеткізіледі
Қытайға экспортталатын қазақстандық газ көлемі жылына 10 млрд текше метрге жеткізіледі
Кездесу қорытындысы бойынша Қытайға газ экспортын жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайту туралы уағдаластық жасалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Тараптар газ инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажеттігін және жұмыс істеп тұрған газ магистралдарының өткізу қабілетін арттыру бойынша ортақ көзқарас білдіріп, бірлескен кеңесулер өткізуге келісті.
Қытай корпорациясы қазақстандық газды жеткізу туралы келісімнің орындалу барысын жоғары бағалады. Сонымен қатар 2019 жылдың аяғына дейін «Қазақстан-Қытай» МГҚ «А» және «В» екі тармағының қуатын кезең кезеңмен ұлғайтуға шешім қабылданды.
Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауды кеңейту үшін жаңа компрессорлық станцияларды салу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ қуатын ұлғайту жоспарлануда.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қ.Шәріпбаев қазақстандық газды Қытай Халық Республикасына жеткізудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі газ тасымалы мен экспортты кеңейтуге дайын екенін айтты.
«Қазақстандық газдың Қытайға экспорты екі мемлекет басшыларының уағдаластықтары мен бірлескен жобаларды дамытуға және іске асыруға ықпал ететін екі ұқсас «Нұрлы жол» және «»Бір белбеу – бір жол» Қазақстан мен Қытай бағдарламаларының арқасында мүмкін болды» - деп мәлімдеді Қ.Шәріпбаев.
Қытай тарабы қазақстандық газды шығысқа экспорттау ісін ұйымдастыруға және әріптестік деңгейіне жоғары баға беріп отыр. Қазақстандық газдың Аспан асты еліне экспорты 2017 жылғы 15 қазанда басталған болатын.
2017 жылдың қорытындысы бойынша «Орталық Азия - Қытай» трансұлттық газ құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалданған ортаазиялық елдердің газ көлемі 13,4 %-ға артып, 38,7 млрд текше метрге жетті. 2009 жылы іске қосылғалы бері осы халықаралық газ құбыры арқылы Қытайға тасымалданған газ көлемі 203 млрд текше метрден асып түсті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді