- Басты
- Жаңалықтар
- Өскемен мен Семейдегі тұрғын үйлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі
Өскемен мен Семейдегі тұрғын үйлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі
Жобаның бастамашысы – облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, елімізде ең алғаш біздің облыста жүзеге асыралатын аталмыш жоба автокөлік қозғалысын ғана емес, сондай ақ әрбір әлеуметтік мекеменің, аула мен кіреберістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Жалпы, осыған ұқсас смарт жоба биыл Астана қаласында іске қосылған. Алайда шығысқазақстандық баламасының артықшылығы сол, ақылды бейнебақылау жүйесі әрбір тұрғын үйдің ауласында, білім және денсаулық сақтау мекемелерінде орнатылады.
«Әзірге елімізде мұндай жоба жоқ. Астанада бейнебақылау камералары көшелерде ғана бар. Бірақ ықшам аудандар мен подъездерге орнатылған жоқ. Біздің мақсат – кешенді бағдарлама жасау. Сол арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін жоғары деңгейге жеткіземіз», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы Өскемен қаласының әкіміне бұл жобаны «ақылды» жарықтандыру жүйесімен біріктіруді тапсырды. Жалпы жоба аясында облыс орталығының көшелерінде 17 мыңнан астам шамды энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру қарастырылған.
Ал босап қалған ескі шамдар подъездерді жарықтандыру үшін қолданылатын болады. Бұл мақсатта былтыр Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімге қол қойылған. Бұл жұмыстар ең бірінші кезекте қаладағы қылмыстық оқиғалар жиі болатын аулаларда жүргізіледі. Бұл өз кезегінде фото-видео жүйесін орнатудың шығындарын азайтады.
Сондай-ақ фото-видео жүйесі Семейде де қолға алынып, тұрғындардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін «ақылды» жарықтандыру жүйесі бойынша кешенді бағдарлама жүргізіледі.
Айта кетсек, «Цифрлық Шығыс» - бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жоба. Аталмыш жоба «Цифрлық білім беру», «Электрондық билеттендіру» және аулаларды абаттандыру сияқты 7 кезеңді қамтиды. Облыс басшылығы бұл жобаларды іске асыру үшін, фото және видео бақылауды орнатумен айналысатын компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізуде.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері