- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалайды
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалайды
БҰҰ жоғарғы өкілінің айтуынша, осы айда Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінде айрықша рөл атқаратын болады. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы отырыстарды шақырып, күн тәртібін ұйымдастырады және Кеңес атынан сөйлейтін болады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін ядролық қарусыздану және сенім шараларын нығайту жөніндегі кездесу, сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан жөніндегі министрлік пікірталастары келесі аптада болатын маңызды іс-шаралар екені туралы айта отырып, М. Енча Қазақстан болашаққа қауіп төндірген маңызды мәселелерді шешуге нақты үлесін қосатынын атап өтті.
«Менің ойымша, Қазақстан Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға маңызды үлес қосқан ел ретінде өз рөлін тиімді пайдаланып жатыр. Бұл - ядролық қарусыздану, Семей ядролық полигонын жабу, осы өңірде ядролық қарудан азат өңірді құру мәселелері. Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн бекітілді. Қазақстан өз қызметін осы бағытта жалғастыруда», - деді БҰҰ өкілі.
М. Енча Қазақстанның Президенті Н. Назарбаевтың шиеленістің артуына және ядролық қарудың таралу қаупіне қарамастан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» брифингіне жеке қатысуы Қазақстанның аталған жаһандық мәселеге ерекше назар аударатындығын білдіреді деп атап өтті. «Ядролық қарудан өз еркімен бас таратқан Қазақстан және мемлекет басшысы ядролық қаруды таратпау мәселесінде жоғары беделге ие және жаһандық деңгейде ядролық қарусыздандыру тақырыбын қолдайды.
«Басқа өңірлерде осындай қадамдарды көргім келеді», - деді М. Енча. Сондай-ақ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес Қазақстанның бастамасымен құрылғандығын еске салды.
БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстанның Сириядағы қақтығысты реттеудегі қосқан үлесі туралы баяндады.
«Астана процесінің Сириядағы қақтығысты шешуге қосқан үлесі зор. Бұл шиеленістің азаюы, деэскалация аймақтарын құру болып табылады. Ең бастысы, бұл кездесулер Женевада БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура басшылығымен өтетін осы мәселені шешудегі саяси процесті қолдайды», - деп атап өтті Мирослав Енча.
Сонымен қатар, онлайн-брифинг барысында БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері сөз сөйледі, олар журналистерге Ұйымның және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми сайтындағы жаңашылдықтар мен ерекшеліктер туралы баяндады. Олар БҰҰ іс-шараларын онлайн режимде көрсету мүмкіндіктерін баяндады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту