- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары Жолдауды өңірлерде түсіндірді
Сенат депутаттары Жолдауды өңірлерде түсіндірді
Сенатор ауданның әлеуметтік-экономикалық қорытындыларымен танысты және жергілікті тұрғындармен кездесті. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейге көшірілуіне байланысты маңызды мәселелер аудандық әкімдіктегі кеңесте талқыланды.
Шараға аудандық әкімдік басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік кіріс, қазынашылық, әділет, статистика басқармаларының өкілдері, жергілікті полиция қызметінің бастығы, аумақтық округтердің әкімдері, бюджет бағдарламаларының әкімшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты.
Бұған дейін жұмыс сапарымен Ақтоғай, Шет аудандарында болған Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров облыс орталығындағы екі мекемеде кездесу өткізді. Олардың бірі – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болса, екіншісі Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында ұстаздар қауымымен жүздесті.
Сенатор ауыл шаруашылығы саласының мамандарына Елбасының Жолдауынан туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді. Ауыл шаруашылығы басқармасындағы кездесуде депутат Шет ауданындағы Ақадыр кентінен әрі орналасқан бір шаруа қожалығында электр жарығын тұтына алмай отырғанын айта келіп, электр желісін жүргізу мүмкіндіктеріне назар аударды.
Сенатордың пікірінше, мұндай жерлерде тек балама энергияны қолдану керек. Халық қалаулысы ауыл шаруашылығы саласының мамандарына бүгінгі таңда шаруа қожалықтарына әлі де көп нәрсе жетіспей отырғанын айта келіп, өзекті мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.
Депутат Р.Әбдікеров ауыл шаруашылығы мамандарына Елбасының Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуда ақылды технологияларды пайдалану мәселесіне тоқталды. Әсіресе, егілген тұқымды көп қаражат жұмсамай жинау және техникалар мен тыңайтқыштарды тиімді қолдана білу қажеттігі айтылды.
«Осындай жаңа технологияларды игерген сайын көптеген адамдар жұмыссыз қала бастайды. Сондықтан оларды дер кезінде заман талабына сай техника тетігін меңгеруге оқыту мен қайта даярлықтан өткізу де Жолдаудан туындайтын міндеттер», -деді депутат.
Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев қоршаған ортаны ластайтын бірінші санатты кәсіпорындар екенін айта келіп, экологиялық кодекске жергілікті атқарушы биліктің құзыретіне бірінші категориядағы үлкен кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарын қадағалауға мүмкіндік беретін ережелер енгізу туралы ұсыныс айтты.
Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында болған халық қалаулысы оқу бағдарламасы үш тілде қатар жүргізілетін арнайы кластарды көрді және білім ошағының жетістіктерімен танысты. Сенатор мектеп-интернаттың ұстаздар қауымына Елбасының Жолдауынан туындайтын маңызды міндеттер жайында жан-жақты айтып берді.
Пікірлесу барысында мектеп мұғалімдері жоғары білікті, сертификаты бар мұғалімдердің айлығы өсетінін айта келіп, біліктілігі жоғары, алайда қолдарында сертификаты жоқ мұғалімдердің жағдайы мен олардың еңбекақысы туралы сұрады. Депутат уақыты келгенде әр түткілді мәселенің шешімі табылатынын айтты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Өңірлерде санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек