- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау аясында Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтеді
Жолдау аясында Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтеді
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева баяндамасында халықаралық тәжірибенің негізінде республикада аурулардың профилактикасы және денсаулықты нығайту бойынша қолжетімді және тиімді тетіктерді құру мақсатына Министрлік Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрғанын атап өтті. Қызметтің жұмысы өмірдің барлық кезеңіне: сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан, саламатты мінез-құлықтан, экологиялық қауіпсіздіктен және жастар мен ересектердің арасындағы еңбек гигиенасынан бастап дұрыс тамақтану мен егде жастағы адамдардың созылмалы дегенерациялық ауруларының алдын алуға дейін бағытталған.
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша дұрыс тамақтануды, спортпен шұғылдануды, ұрпақты болу денсаулығын, СӨС насихаттауды, дене белсенділігін қоса алғанда қоғамдық денсаулықты басқаруды, саламатты өмір салтын дәріптеуді күшейту қажет. Жастарды ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен нығайтуға ерекше назар аударған жөн.
«Мұндай жағдайда әрбір нысаналы топ үшін жеке тәсілді айқындау, сондай-ақ дене шынықтырумен шұғылдану үшін инфрақұрылым құру, қауіпсіз өмір мен еңбек үшін жағдай жасау және жастардың ұрпақты болу денсаулығын нығайту қажет», - деді Лязат Ақтаева.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының маңызды басымдықтарының бірі мемлекет үшін аз тиімді және шығынды диспасерлеуден қашықтықтағы диагностиканы, сондай-ақ амбулаториялық емдеуді қолдана отырып, негізгі созылмалы ауруларды басқаруға өтуді айқындады. Мұнда алғашқы медициналық көмек маңызды рөлге ие болуы тиіс.
«Бастапқы буынның медицина қызметкерлерінің міндеті – ауруларды ерте анықтауды қамтамасыз етіп қана қоймай пациенттермен бірлесіп халықтың денсаулығын да тиімді басқару. Соған байланысты біз «диспансерлеу» деген терминнен амбулаториялық деңгейде созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына кету бойынша жұмысты еңсеруіміз керек»,- деді вице-министр.
Қазақстан Республикасының Президенті үздік халықаралық тәжірибенің негізінде обырды жоғары тиімді ерте диагностикалау мен емдеу қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап көрсетті.
«Соған байланысты, біз ерте диагностикалау мен емдеуді, әсіресе амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуге және қатерлі ісіктердің профилактикасынан бастап емдеуді жетілдіруге дейінгі іс-шараларды қамтуды көздейтін онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеуге мүмкіндік беретін онкологияға жаңа жоғары тиімді технологияларды әкелуге тиіспіз»,- деп хабарлады вице-министр.
Оның айтуынша, ТМККК-ның жаңа үлгісі әзірленетін және МӘМС пакеті жетілдірілетін болады, ТМККК шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтердің пакеттерін жаңарту және мемлекеттің міндеттемелерінің нақты шегін айқындауды, сондай-ақ ТМККК-ның медициналық көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді қайта қарау және оларды нақты шығындарға келтіруді көздейді.
«Қазіргі таңда әлемде, оның ішінде денсаулық сақтауда инновациялық технологиялар тез дамуда. Заманауи технологиялар халыққа медициналық қызмет көрсету үлгілерін өзгертеді. Барлық өзгерістерге біз дер кезінде назар аударуға тиіспіз және азаматтардың қолжетімді және сапалы медициналық көмекке құқықтарын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұның барлығы бірінші кезекте заңнамалық актілерде көрсетілуі тиіс. Соған байланысты, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру үшін Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Үкіметке «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды»,-деп түйіндеді Лязат Ақтаева.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр