- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтардың кәсіпкерлікке дең қоюына басымдылық берілуі керек - Н.Әлмұхамедова
Азаматтардың кәсіпкерлікке дең қоюына басымдылық берілуі керек - Н.Әлмұхамедова
«Президент бірінші міндеті индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Осы орайда индустрияландыру біздің елімізде бірнеше жыл қатарынан жүргізіліп келе жатыр және өз нәтижесін беруде дегім келеді. Ал, осы автоматтандыру, цифрландыру процестеріне одан әрі ену үшін техникалық базаны дайындауымыз керек. Яғни, бұл цифрландыру барша өндіріс процесін бір компьютерде көріп отыруға мүмкіндік береді», - деді сөз басында Найля Әлмұхамедова.
Сонымен қатар, спикер цифрландырудың салдарына кеңірек тоқталды.
«Өндірісті цифрландырудың нәтижесінде білікті мамандарға сұраныс артады және өндірісте жұмыс істейтін адамдардың бірқатары жұмыссыз қалады. Осы орайда, мемлекет тарапынан жан-жақты ойластырылған саясат керек дер едім. Яғни, жұмыссыз қалған азаматтарды қайта оқытып, олардың мүлдем жұмыссыз қалмауын бақылауға алынуы қажет. Осы ретте, олардың кәсіпкерлікке кетуіне басымдылық берілген жөн. Бұдан басқа, біз өндірісті білікті мамандармен қамтамасыз ете алуымыз тиіс», - деді Н.Әлмұхамедова
Айта кетейік, «Стратегия» пікірталас клубының кезекті отырысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерге арналды.
Мөлдір Асқарқызы
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек