- Басты
- Жаңалықтар
- Құрық паром кешенінде қағазсыз технологиямен ресімдеу іске қосылады
Құрық паром кешенінде қағазсыз технологиямен ресімдеу іске қосылады
Цифрлық платформада тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылар электрондық құжат алмасып, экспорттық, импорттық және транзиттік жүктер, кеден, шекаралық басқа да мемлекеттік құрылымдарға қажетті құжаттар көрініс табады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде бұл жүйе «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА- мен Құрық портын ықпалдастырып, қалыпты жұмыс істеп тұр.
«Қытайдағы жүк жасақталған жерден басталған осы ақпараттар жол бойы толықтырылып, біздің бірыңғай «Номад» жүйемізге түсе бастайды. Бұл өз кезегінде тапсырыс берушілер жүк жөнелтушілер, қабылдаушылар әр түрлі мақсаттағы жүктердің де қай маңайда келе жатқандығын анықтап отырады. Бұл ақпараттар тасымалдау үдерісіне басқа да қатысушыларға шекаралық өткелдердегі мемлекеттік органдардың да жүктерді өңдеу, рәсімдеуді жеделдетуіне мүмкіндік әпереді»,- дейді «Құрық порты» ЖШС Бас директоры М. Сақтағанов.
«Номад» Қазақстан-Әзербайжан теңіз порттары – Ақтау, Құрық, Баку, Алят арасында бірыңғай цифрлық платформаға айналады.
Осылайша «Номад» платформасы Шығыс пен Батысты жалғастыратын транзиттік дәліздегі электронды құжат айналымын қамтитын болады.
Мұндай ақпараттық дәліз жүктердің тізбектегі қауіпсіз жеткізілімін қамтамасыз етіп, шекарадағы өңделу мерзімін азайтады. Оның сыртында, тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылардың ақпараттық ықпалдастығының ашықтығы ондағы адами факторлардың әсерін азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал етеді.
Цифрлық технологияны өндіріске енгізу көлік ағынын тиімді басқаруды қамтамасыз етіп, транзиттік тасымалды өсіре түседі.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты