- Басты
- Жаңалықтар
- Кәсіпкерлер бүгіннің өзінде Жолдауды жүзеге асыруда – А.Мырзахметов
Кәсіпкерлер бүгіннің өзінде Жолдауды жүзеге асыруда – А.Мырзахметов
«Елбасы осыдан екі күн бұрын халыққа Жолдауын жариялады. Онда өзін-өзі қамтитын ауылдағы азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, рухани жаңғыру, прагматизм мақсатын қойған. Осы ретте, айтар кетер болсақ, өткен жылы біз «Бизнес бастау» жобасын бастап кеттік. Еліміз бойынша 15 мың адамды оқыттық, оның ішінде 8 мыңы өз бизнес жоспарын қорғап шықты және 3 мың адам өз ісін ашты. Биыл 160 адам өңірлердегі аудандарда 30 мың адамды оқытамыз деп дайындалуда. Қуантатыны осы мәселені Елбасы өзінің халыққа Жолдауында атап өтті және оны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы іске асыруда», - деді А.Мырзахметов.
Сонымен қатар, спикер отандық тауарларды экспортқа шығару мәселесіне тоқталып кетті.
«Экспортқа келетін болсақ, біз осымен екінші жыл қатарынан Елбасының тапсырмасы бойынша экспорттаушылар арасында «Ұлы дала» байқауын өткізіп келеміз. Болашақта біз жеңімпаздарды насихаттап қана қоймай олардың кәсібін одан ары дамыту үшін қолдау көрсететін боламыз», - деп түйіндеді А.Мырзахметов.
Естеріңізге сала кетейік, қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша қазақстандықтарға арналған үндеу қабылдады.
Мөлдір Асқарқызы
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер