- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов: Жолдаудың басты мақсаты - технологиялық басымдықтарды дамыту
А.Мырзахметов: Жолдаудың басты мақсаты - технологиялық басымдықтарды дамыту
«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Қазақстанның үшінші жандануы басталды. Қазіргі уақытта «Digital Kazakhstan» кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламалық құжаттың негізгі мақсаты инфрақұрылымды және технологиялық басымдықтарды дамыту болып табылады. Қазақстанды жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосу үшін өмірдің барлық салаларында қазіргі заманғы технологияларды цифрлау және енгізу қажет. Бүгін біз стратегиялық құжатты егжей-тегжейлі түсіндіру және жүзеге асыру үшін жиналдық», - деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.
Кездесу барысында аймақ басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін бар күшін салатындығын атап өтті.
Іс-шара нәтижесінде облыс әкімі жауапты тұлғаларға белгіленген тапсырмаларды орындауға тиісті нұсқаулар көрсетті. Облыс басшысы Елбасының Жолдауын егжей-тегжейлі зерделеп, оның жұмыс ұжымдарында талқылауға тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өндірісітік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жолдады. Онда Елбасы он негізгі міндеттерді атап өтті: индустрияландыру; ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту; «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы серпінділікке мүмкіндік; көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру; құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу; Қаржы секторын «қалпына келтіру»; адами капитал - жаңғыртудың негізі; тиімді мемлекеттік басқару; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі және «ақылды халық» үшін «ақылды қала».
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру