- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар жыл басына 16%-ға көтерілді
Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар жыл басына 16%-ға көтерілді
12 Қаңтар, 2018 16:18
2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 12 719 теңге, және жасына қатысты – 12 719 теңге болды.
255,9 млрд. теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миинстрлігі.
«2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16%-ға артты», - делінген хабарламада.
Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек - 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.
Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд. теңгені құрайтын болады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты