- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында робототехникамен айналысу үшін оқу кабинеті ашылды
Қарағанды облысында робототехникамен айналысу үшін оқу кабинеті ашылды
Ақпарат бойынша, жаңа жабдықтарды мектеп оқушыларына «Шаг» Академиясы сыйға тартты. Ол осы әлеуметтік жобаның серіктесі болды.
Ноутбуктер мен Arduino UNO роботтарын құрастыру және бағдарламалауға арналған 10 негізгі жиынтықтарды «Робототехника» курсын оқып жатқан жоғарғы сынып оқушылары пайдаланатын болады.
«Бұл дәрістер оқушылардың инженерлік машықтарын жетілдіріп, шығармашылық ойларын шыңдай түсіруге септігін тигізеді, сондай-ақ математикалық моделдеуді дамытатын болады. Жаңа кабинет жылжымалы болып табылады, келешекте оны Ақтоғай ауданының шалғайдағы ауыл мектептеріне шығарып, пайдалану жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Қазір бастауыш және орта сыныптардың оқушылары үшін «Лего құрастыру» пәндері өткізілуде. Бұл сабақтарда оқушылар Lego құрастыру арқылы сзба бойынша модельдер жасап, өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынады. Бұл курсты жалғастыра келе жоғарғы сынып оқушылары С және С++ тілдерін пайдалана отырып, микробақылаушылардағы құрылғыларды бағдарламалауды үйренетін болады.
Мектеп түлектері кәсібін таңдарда өндірістік процесстерді сандық режимге ауыстыру саласына және қазіргі заманғы бизнес-модельдерді меңгеруге, ақпараттық технологиялар шешімдерін енгізуге, сандық технологияларды пайдалануға басымдылық ете алатын болады. Білім беру робототехникасы жаңа педагогикалық технология ретінде балалар мен жастарды техникалық шығармашылыққа баулуға, құрастыру машығын дамытуға, модельдеу және бағдарламалауға көмектеседі.
Мектептің инновациялық алаңының тұсаукесеріне «Шаг» Компьютерлік Академиясының директоры И.С. Рыбкин және «КАЗБРЕНД» ҚҚ директоры Кошляк И.А., ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр