- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 11 салаға «Ақылды қала» жүйесі ендірілмек
ОҚО-да 11 салаға «Ақылды қала» жүйесі ендірілмек
Оңтүстік Қазақстанда қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» – «Ақылды қала» жүйесі ендіріле бастады. Бүгінгі таңда, «Ақылды қаланың» үлгілік концепциясы бекітіліп, қолжеткізу индикаторы айқындалған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалымен өткен мәжілісте аймақ басшысының орынбасары Т.Сәрсембаев аталған бағдарламаның облыста орындалу барысын баяндады.Өңірді басқаруда бұл жүйе тиімді тәсіл болатынын айтқан облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы негізінде ары қарай дамытылу қажет екенін атап өтті.
«Жолдаудың оныншы қадамында Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады-деп атап көрсетті. Сондықтан да халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып, цифрлық жүйеге көшуді жоспарлы түрде жүзеге асыруымыз қажет»,-деді Ж.Түймебаев.
Сонымен қатар, жиында мәлім болғандай үлгілік концепцияға сәйкес «Ақылды қаланы» дамыту бағытына 11 сала енгізілген. Олар - білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала, көлік, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құрылыс саласы. Бүгінгі таңда цифрлық кеңсе тарапынан әрбір бағалауға енгізілгін салалар бойынша цифрлық технологияларды енгізу жоспары әзірленді.
Қазірдің өзінде Шымкент қаласында білім саласы бойынша біршама смарт жүйелер жүзеге асырылуда. Мәселен, оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында облыстағы 779 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілді. Сонымен қоса адами фактор мен сыбайластық әрекетті болдырмау мақсатында балғындарды балабақша мен 1-сыныпқа электронды түрде қабылдау жобасы енгізілді. Қазіргі кезде осы қызметтің арқасында 23 мыңнан астам бала қаланың балабақшаларына сәтті орналасса, тіркелу үшін 64 мыңнан астам жолдама берілген.
Бұдан бөлек, қалада педагогикалық ұжымды іріктеу жүйесін автоматтандыру мақсатында t-hunter бағдарламасы енгізілді. Осы арқылы шымкенттік мұғалімдер жұмысқа электронды түрде қабылдануда. Жобаны жүзеге асыру барысында 700-ден астам үміткер қатысып, оның 491 жалпы орта білім беру ұйымдарына мұғалім ретінде жұмысқа алынған.
Электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізген облыс әкімінің орынбасары облыстағы білім саласын әрі қарай дамытудың жоспарын ұсынды.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында