- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да екі оңалту орталығы ашылды
ОҚО-да екі оңалту орталығы ашылды

Мұндай мекеме бүгінге дейін еліміз бойынша тек Астана қаласында ғана болып келсе, енді Шымкентте де жұмысын бастады. Бұған әсіресе кезекте тұрып, елордаға сабылып шаршайтын ата-аналар айрықша қуануда. Қос орталықтың жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мұндай мекемелер балалар арасындағы мүгедектікті төмендететініне сенім білдірді.
«Облысымызда бүгінге дейін церебральді параличі диагнозы бар балаларды емдейтін арнайы мекеме болмаған. Жалпы өңірімізде неврологиялық аурулармен 3 жасқа дейінгі 2 мыңға жуық бала есепте тұрады. Олар бұған дейін реабилитациялық ем алу үшін Астана қаласындағы оңалту орталығына баруға мәжбүр еді. Бұл науқас балалардың ата-аналарына айтарлықтай қиындық тудырып келді. Осы мәселелерді талдай келе, ауру балаларды уақытылы, кешенді, жүйелі реабилитациямен толық қамтуға бағытталған орталықтар ашу қажеттілігі туындады. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бүгін міне, екі бірдей мекеме пайдалануға беріліп отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Орталықтың бірі 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге, ал екіншісі 15 жасқа дейінгі неврологиялык аурулармен ауыратын жеткіншектерді емдейді. 100 орындық қос орталық та реабилитациялық ем алуға қажетті роботтандырылған «LOKOSTATION» құрылғысымен жабдықталған. Бұл аппарат 4 жасар церебралды параличімен ауыратын балаларға қолданылады. Қондырғыда жасалған жаттығулар жүруге қажетті барлық бұлшық еттер мен ми қыртысының дұрыс қалыптасуына көмектесіп, науқастың тез оңалуына ықпал жасайды. Әрбір орталықта жылына 3200 баланы жоспарлы түрде оңалтудан өткізуге мүмкіндік қарастырылған.
Қос орталықтың мүмкіндіктерімен танысқан өңір басшысы алдағы уақытта мекеменің мамандарын алыс-жақын шет елдерге жіберіп, кәсіби біліктілігін арттыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Осы бастаманың негізінде жақын күндері Германиядан халықаралық жаттықтырушылар келіп, қос орталықтың мамандарына науқастың тірек-қимыл қозғалысын қалпына келтіру бойынша семинар тренингтер өткізбек.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары
-
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді
-
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар
-
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет
-
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері
-
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды
-
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды
-
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды

