- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдауда жаңғырудың негізі адами капиталының дамуына басымдық берілген - пікір
Жолдауда жаңғырудың негізі адами капиталының дамуына басымдық берілген - пікір
“Бұл заманауи сын-тегеуріндерге жауап беретін шешім, себебі, бүгінгі постиндустриалды даму, инновациялық экономика, білім экономикасы ғасырында жоғары деңгейлі маман, өз ісінің шебері кез-келген мемлекеттік артықшылығы болып табылады”, - деді А.Жүсіпова.
Президент Жолдауында білім бағдарламаларының негізгі басымдылығы жаңа білімді өзгерту мен игеру, соған ұдайы бейімделу болуы керектігі айтылған. Бұл фактор заманауи қоғамның жылдам өзгеріп отыратындығымен байланысты. Инновация мен жылдамдық қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты белгісі. Сондықтан, әлемдегі өзгерістерден қалыспау бүгінгі таңда көштен қалмаудағы ең маңызды шарт болып табылады.
“ВР жаһандық корпорациясы секілді бизнес саласының мамандары бүгінде еңбек нарығында кәсіби құзіреттілік деңгейі белгілі бір маманның бәсекеге қабілеттілігін білдірмейді, себебі күнделікті түрлі өзгерістер орын алуда деп есептейді”, - деді ол.
Атап айтқанда, алдағы он жылдықта жаңа технологиялар көптеген мамандықтардың жоғалуына әкеліп соқпақ, тың мамандықтарға сұраныстар артып келеді. Нақтыласақ, өндіріс, денсаулық сақтау, сауда, мемлекет басқару салаларындағы ақпараттық технологияларға әсер етіп жатқан Big Data үлкен деректер технологиясы мамандарына сұраныс артып келеді.
Осы факторды ескере отырып, Жолдауда барлық жастағы азаматтарды қамтитын алдыңғы қатарлы білім жүйесін жасау туралы айтылды.
“Меніңше, әр өңірдегі оқушылар сарайларының жанынан компьютерлер, зертханалар мен 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопаркі мен бизнес-инкубаторларды жасау шешімі де өте маңызды. Бұл жас буынның ғылыми-зерттеу мен өндірістік-технологиялық ортаға бейімделуіне, жаңа әрі сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті маман даярлауға септігін тигізеді, бұл өзгеріп жатқан жаңа әлемнің басты талабы”, - деді А.Жүсіпова.
Осылайша, Елбасының 2018 жылғы Жолдауында жоғары деңгейлі индустриалды секторды пайдалану туралы нақты айтылып отыр. Әрине, бұл күрделі мәселе, дегенмен, бұл дамыған елдер қатарына кірудің бірден-бір жолы. Президенттің білім жүйесіне өз инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың бір саласы ретінде қарауға шақыруының мәні осында.
-
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Сарапшылар пікірі: "Вакцина салдырудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылмайды" -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы