- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің білімдері мен дағдылары тәуелсіз ортада бағаланатын болады
Қазақстанда медицина қызметкерлерінің білімдері мен дағдылары тәуелсіз ортада бағаланатын болады
Қайта реттеу және қызметтерді тәуелсіз ортаға беру шаралары аясында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының (ДСДРО) құрылымындағы Білімді және дағдыларды бағалау орталығы таратылды.
«2018 жылдың қаңтар айынан сапалы және ашық түрде (транспарентті) тәуелсіз емтихан алуға арналған халықаралық талаптарға сай әзірленген Дүниежүзілік банк жобасының аясында кіріктірілген ақпараттық жүйе (КАЖ) толық масштабта енгізіле бастайды. КАЖ дәрігерлер мен мейіргерлер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектері, резиденттер, интерндер үшін теориялық және тәжірибелік емтихан өткізуді қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.
Тіркелу, тест тапсыру және нәтижелерін есептеу адами фактордың әсерінсіз автоматты түрде жүзеге асырылады. Әр үміткер үшін күнін, сағатын таңдап, емтихан тапсыруға өтінім беруге және оның барысын тексеруге мүмкіндік беретін жеке электронды кабинет жасалады. Тестілеу нәтижелері сол сәтте-ақ тұрақты жұмыс істейтін үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі, және оны жою немесе өзгерту мүмкін емес.
Медицина қызметкерлерінің білімдері мен дағдыларын бағалау қызметінің тәуелсіз ортаға берілуіне байланысты, осы жылдың қаңтарынан кәсіби даярлығын бағалаудан өту және біліктілік санатына сәйкестілігін растау үшін медицина қызметкерлерінен өтінімдерді үкіметтік емес ұйым – Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы qazexam.kz сайты арқылы қабылдайтын болады.
ДСДРО мекен-жайына өтінім беріп, бағалау жөніндегі қызметке ақы төлеп қойған, бірақ қызмет көрсетілмеген үміткерлер емтихан болатын күні сол жерде, немесе qazexam.kz сайтында онлайн түрде Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы ұсынған өтініштің қосымша нысанын толтырған жағдайда, белгіленген мерзімде бағалаудан өтеді.
Қабылданған шаралар тәжірибелік қызметке рұқсат ету үшін медициналық қызметкерлердің білімдері мен дағдыларын бағалау сапасын және сенімділігін арттырады, бағалау кезінде сыбайлас жемқорлық қауіптерін болдырмайды және қоғамдық денсаулық сақтауды сапасыз даярланған мамандардан қорғауға бағытталады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды