- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы министрі 2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыны мен кірісі туралы баяндады
Қаржы министрі 2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыны мен кірісі туралы баяндады
«Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік құрамын арттыру қамтамасыз етілді. 2016 жылмен салыстырғанда әлеуметтік салаға арналған шығыстардың өсу қарқыны 112%-ті құрайды, ал олардың таза шығыстардағы үлесі 51% жетті», - деді Б.Сұлтанов.
Ал, мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлеріне келсек, олар алдын ала деректер бойынша орындалды.
«Кірістер бойынша жылдық жоспар барлық бюджеттерде асыра орындалды. Өткен жылға қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсімі 700 млрд.теңгені құрады. Шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткізілді: мемлекеттік бюджет – 99,7%, республикалық бюджет – 99,8% және жергілікті бюджет – 99,6%. Шығыстарды қолмен басқару нәтижесінде игермеу сомасы барынша азайтылды», - деді министр.
Министр айтқандай, республикалық бюджеттің тапшылығы 1 357 млрд.теңгені құрады. Бұл жоспардағыдан (1486 млрд.теңге) 129 млрд.теңгеге аз.
«Бюджет қаражаты 2016 жылға қарағанда аудиторлық іс-шаралармен және камералдық бақылаумен екі есеге көп қамтылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны 2,2 есеге азайды. Ол, камералды бақылаудағы превентивтік шаралардың тиімділігінің артуы арқасында қамтамасыз етілді», - деді Б.Сұлтанов.
Бұл мемлекеттік бюджетті атқарудың негізгі сипаттамасы.
«Енді әрбір позиция бойынша неғұрлым толығырақ айта кетейік.Өткен жылы жалпы сомасы 8,6 трлн.теңгеге 496 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша жалпы сомасы 728 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде конкурстардың қорытындыларын жою және қайта қарау жолымен 710млрд.теңге сомаға, яғни 97,5% бұзушылықтар жойылды», - деді министр.
Айта кетейік, Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЖІӨ өсімі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4 пайызды құрағанын мәлімдеді.
Ақбота Күзекбай
Фото: мұрағат
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері