- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр отандық кәсіпорындарды цифрландырудың жаңа әдістерін әзірлеуді тапсырды
Премьер-Министр отандық кәсіпорындарды цифрландырудың жаңа әдістерін әзірлеуді тапсырды
Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, Үкімет жақын арада Елбасы Жолдауының 10 негізгі міндетін жүзеге асыруы керек.
«Бірінші басымдық жаңа технологияларды енгізу бойынша, Инвестициялар және даму министрлігі қатысты органдармен бірігіп отандық кәсіпорындарды цифрландыруды жаңғыртуға бағытталған әдістерді әзірлеу қажет. Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске қосып, оларды жүзеге асыруға кірісу қажет. Жауапты министр – Жеңіс Қасымбек», - деді Премьер-Министр.
Ақпарат және коммуникация министрлігі қатысы бар министрліктермен бірігіп Назарбаев Университеті мен АХҚО және халықаралық IT-стартап технопаркі негізінде цифрлық және инновациялық әзірлемелер бойынша шаралар кешенін әзірлеуі керек.
« «Алатау» инновациялық технологиялық паркінің қызметі бойынша Инвестициялар және даму министрлігі ақпарат және коммуникация министрлігі мен Алматы әкімдігімен бірігіп екі апталық мерзім ішінде нақты ұсыныстар енгізулері керек. Инвестициялар және даму министрлігі Индустриаландырудың үшінші бесжылдық мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кірісуі керек», - деді Б.Сағынтаев.
Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктер мен қатысы бар министрліктермен бірігіп экономиканы цифрландыруға орай қызметкерлерді босату қаупін бағалауы керек.
Ақбота Күзекбай
Фото: Шыңғыс Қаппаров
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер