- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа білім беру мұражайы Қарағанды қаласының үздік оқытушылары туралы
Жаңа білім беру мұражайы Қарағанды қаласының үздік оқытушылары туралы
Осындай облыстық білім басқармасының мұражайын құру туралы ұсыныс өткен жылдың наурызында жасалған болатын. Бастаманы ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері, мұражай ісінің мамандары, білім, ақпараттық технологиялар салаларының қызметкерлері қолдады. Жұмыс тобы экспозицияның концепциясы мен тақырыбын анықтады. Мұражайды құруда Қарағанды облысының Мемлекеттік мұрағаты және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тәжірибелік көмек көрсеткен.
«Бұл біздің аймағымыздағы осы секілді жалғыз мұражай», - дейді Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлсім Қожахметова. Қарағанды облысының білім саласының қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдерін көрсету үшін құрылды. Сонымен қатар педагогтардың күрделі және игілікті жұмысын дәріптеуге және оған құрмет көрсету үшін жасалып отыр.
Мұражайдың үш залында шамамен 250 жәдігер жиналған. Олардың арасында облыстық үздік педагогтары туралы мәлімет беретін энциклопедияны көруге болады. Бұл кітапта аймақтың алғашқы мыңдаған ұстаздарының есімдері мен суреттері келтірілген, сонымен қатар кеншілер аймағының барлық оқу ордалары мен мектепке дейінгі мекемелері туралы ақпараттар жазылған.
Залдардың бірі Хасеновтар әулетіне арналған, бұл әулеттің жалпы педагогикалық жұмыс өтілі 300 жылды құрайды. Мұражайдың өзі тарихшы, ұстаз Рашит Хасеновтың есімімен аталған. Кезінде ол Орал педагогикалық институтын тәмамдап, өзінің өмірін ғылымға бағыштамақ болған. Алайда жас маманды Балқашқа жіберген, бұл қалада оған мектептердің бірін аяғына тұрғызу керек болды. 1951-ші жылдан бастап 10 жыл аралығында Рашит Хасенов мектеп директоры болып қызмет еткен, соңыра білім бөлімін басқарған. Содан соң мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында директор орынбасары және директоры қызметін атқарған.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері