- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ШҚО-ның үш ауданында жаңа мектептер салынады
Биыл ШҚО-ның үш ауданында жаңа мектептер салынады
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде Өскемендегі Ахат Куленов кентінде орналасқан ғимаратты бір ауысымда 212 адамға қызмет көрсететін емханаға айналдыру бойынша қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының 90%-ті аяқталды. Облыс әкімі биылғы көктемде кент тұрғындары көптен күткен нысанды ашуға тапсырма берді.
Осы жылдың қыркүйек айында Абай ауданында ұзындығы 25 метр болатын бес жолақты суда жүзу бассейні пайдалануға беріледі. Бұл нысан ауданда су спорты түрлерін дамыту мақсатында салынып жатыр.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда үш жаңа оқу орны пайда болады. Олар: Аягөз ауданындағы 600 орындық орта мектеп, Үржарауданының Мақаншы ауылындағы 320 орындық орта мектеп және Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы 300 орындық интернат пен 600 орындық орта мектеп. Аймақ басшысы аталған үш білім беру нысанын жаңа оқу жылы басталғанға дейін қолданысқа беруді бұйырды.
«Үш жаңа мектептің құрылыс жоспарын қайта қарап, бекітіңіздер. Құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау керек. Сонымен қатар, Тарбағатай ауданында салынып жатқан 300 орынға арналған мектеп-интернатты балалармен толтырудың жобасын жасап, маған көрсетіңіздер. Ең бастысы, интернат бос тұрмауы керек», - деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, айта кетсек биыл алты әлеуметтік-мәдени нысанның құрылысы жалғасатын болады. Олар Өскеменде салынып жатқан үш мектеп пен денсаулық сақтау саласындағы екі нысан. Атап айтсақ, гематологиялық орталықтың және Өскемен қаласындағы 200 орындық қалалық балалар ауруханасының құрылысы .
Сондай-ақ Семей қаласында «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені салынады. Оның құрылысы Қарағайлы жаңа шағын ауданында басталмақ. Құрылыс жұмыстары халықаралық стандарттарға сай салынуда және 5 мың орынға есептелген. Кешен әлемдік деңгейдегі түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты