- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Абаев: Цифрландыру барлық саланы қамтиды
Д.Абаев: Цифрландыру барлық саланы қамтиды
Министрлікте хабарлағандай, бейресми кездесу барысында Асқар Жұмағалиев пен Дәурен Абаев «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасы туралы және Республикамызда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.
Тілшілер сұрақтарына жауап бере отырып, Асқар Жұмағалиев мемлекеттік бағдарламаның дер кезінде қабылданғаны туралы айтты және де Қазақстан Үкіметіне цифрлік технологияларды енгізуді жүзеге асыру мәселесінде ауқымды жұмыс атқару керектігіне тоқталды.
«Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарлама жасалған болатын. Өз жолдауында Президент ақпарттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтты. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлік технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында үтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Ойлап көріңіздер өндірісте 10% адами факторға яғни адамның қателіктеріне байланысты. Цифрлік технологиялар мұндай жағдайды болдырмайды». – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Ақпарат және коммуникациялар министрі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының денсаулық сақтаудан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, жобаларды комплексті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.
Кездесу барысында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Енсебаев жобаны жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстың басталып кеткендігін және әр мемлекеттік органда Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалап отыратын цифрландыруға жауапты офис құрылғандығы туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетсек, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы 2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылданды және ақпараттық технологияларды экономиканың бес бағыты бойынша енгізу көзделуде. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру». Аталған бағыттар бойнша 2018-2022 жж. аралығында 120 іс-шара жүзеге асырылады.
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Қазақстан экономикасын цифрландырудың жаңа міндеттері -
Коронавирус дағдарысына бір жыл: Цифрландыру саласында не өзгерді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді