- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды
А.Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды.
Primeminister.kz хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.
Отырыс барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының облыс мәслихатының депутаттарына бағытталған, Жамбыл облысының әкімі қызметіне Асқар Мырзахметовты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар Президенттің ұсынған кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысының активімен кездесіп, жиын барысында жаңа әкімді таныстырды.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Кәрім Көкірекбаевқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтты. Таныстыру барысында Премьер-Министр Асқар Мырзахметовтың түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа басшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Сондай-ақ, облыс активімен кездесу барысында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, еңбек ері Мұқаш Ескендіров, Жамбыл облысының қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев сөз сөйледі.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері