- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар ақмолалық прокурорлармен кездесті
Сенаторлар ақмолалық прокурорлармен кездесті
Шараға облыстық әкімдіктің қызметкерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары шақырылды. Сенаторлар Парламенттің заң шығару қызметі және 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы әңгімеледі.
С. Айтпаева мен Д. Әділбеков кездесуге қатысушыларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен салық заңнамасына енгізілген түзетулердің мазмұны жайында айтып берді. Қылмыстық процесті жаңғыртуға және ізгілендіруге бағытталған заңнамадағы жаңалықтарға да ерекше назар аударылды. Прокуратура өкілдері талқылауға белсенді қатысып, іс жүзінде кездесетін мәселелер бойынша сауалдар қойды және заңнаманы жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысындағы жұмыс сапары одан әрі жалғасты. Депутат Бұқар жырау ауданында денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. Р.Әбдікеров № 1 қазақ мектебінде ұстаздар қауымының еңбек жағдайымен және білім ұясының оқу-әдістемелік базасымен танысты.
Ұстаздар орта білім беру жүйесіндегі жалғасын тапқан реформалар туралы өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде сенатор мектепке жас мамандарды тарту туралы тілегін жеткізді. Аудандық ауруханада дәрігерлер қауымымен кездесу болды. Бас дәрігер С. Қажыкәрімов депутатты емдеу мекемесіндегі жаңа технологиялармен және дәрігерлік жабдықтармен таныстырды. Бұқар жырау ауданының активімен кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық дамудағы стратегиялық бағдарламаларды іске асыру барысы талқыланды. Р. Әбдікеров Парламент қабылдаған осы саладағы заңнамалық актілер туралы әңгімелеп, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
Сенатор Қарқаралы ауданының даму барысымен де танысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру орталығында болды. Аудандық әкімдік ғимаратында мәслихат депутаттарымен, атқарушы билік органдарының өкілдерімен, білім беру саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және ардагерлермен кездесті. Р. Әбдікеров Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер туралы айтты. Кездесуге қатысушылардың сауалдары азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне, тендер жүргізу барысындағы олқылықтарға, дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысы деңгейінің төмендігіне, міндетті дәрігерлік сақтандыру жүйесін енгізуге, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты болды.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді талқылайды -
Сенаторлар мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады -
Мәжiлiс депутаттары митинг жөніндегі заң жобасына сенаторлар енгiзген түзетулерді қолдап дауыс берді -
Сенаторлар "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасын қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарды -
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті -
Сенаторлар Үкімет басшысы мен Алматы қаласы әкіміне хат жолдады