- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторларға Маңғыстау облысындағы ірі жобалар таныстырылды
Сенаторларға Маңғыстау облысындағы ірі жобалар таныстырылды
Е. Тоғжанов депутаттарға өндірістік, көліктік және инфрақұрылымдық ірі жобаларды іске асыру барысы туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Құрық портының қуаты елеулі түрде ұлғайды, жылына 2 миллион тонна жүк тасымалына есептелген жаңа паром кешені іске қосылды.
«Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Ата жолы» автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары басталды. Депутаттардың өтініші бойынша аймақ басшысы «Қошқар Ата» қалдық сақтау қоймасының топырақ құнарын қалпына келтіру жұмыстары және Басқұдық ауылының аумағындағы 8,2 гектар алаңды құрайтын жасыл аймақ қалыптастыру туралы айтты», - делінген хабарламда.
Бұл аймақтың табиғатын тұрақтандыруға және экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Сенаторлар Маңғыстау облыстық прокуратурасында өткен кеңесте конституциялық реформалар мен заңнамадағы өзгерістерді іске асыру жайын да талқылады.
М. Бортник, Д. Құсдәулетов және Б. Шелпеков қылмыстық және әкімшілік заңнамасын ізгілендіру жөніндегі Парламенттің жұмысы туралы әңгімелеп берді. Шара барысында бизнес қауымдастықтары мен логистиканы жақсартуға байланысты мәселелер де талқыланды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері