- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан әлемді ядролық қарудан азат ету бойынша елдерді біріктіруді жалғастырады - Елбасы
Қазақстан әлемді ядролық қарудан азат ету бойынша елдерді біріктіруді жалғастырады - Елбасы
«Қазақстан халықаралық аренада белсенді рөл ойнайтыны дәстүрге айналды. Бұл бізге өзекті, жаһандық және өңірлік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, өркениет диалогындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды ілгерілендіруге мүмкіндік береді. 2017 жылды осылай аяқтадық», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы айтып өткендей, біздің ел ТМД кеңістігінде алғаш рет ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізді.
«Ядролық қаруды таратпау режимін нығайту бойынша Қазақстан жаһандық жұмыстың негізінде тұр. 2017 жылдың 29 тамызында Ядролық сынаққа қарсы күрестің халықаралық күні Астанада төмен байытылған уран банкінің алғашқы ғимараты ашылды. Сириялық жағдайды реттеу бойынша Астана үрдісінің іске қосылуы өткен жылдың саяси маңызды оқиғаларының біріне айналды», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан таратпау режімін дәйекті түрде нығайту мен кеңейту арқылы ғаламды ядролық қарудан азат етуді қалайтынын айтты.
«Қазақстан биылғы қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы рөліндегі тарихи қызметіне кірісті. Осы маңызды органның күн тәртібіндегі барлық мәселелерге сай жұмыс жүргізіп жатқанымызды білесіздер. Биыл жылдың 18 қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты брифингіне қатысуды жоспарлап отырмын»,- деді Елбасы.
Айта кетейік, Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар шетел елшілері сенім грамотасын тапсырды.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді