- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар елдің елшілері сенім грамоталарын тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар елдің елшілері сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады.
Атап өтсек, Елбасына Қазақстандағы Швед Корольдігінің Елшісі Матс Фойер, Куба Республикасының Елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының Елшісі Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елінің Елшісі Майкл Джон Гиффорд сенім грамоталарын табыстады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде барлығын құттықтап, бүгіннен бастап Қазақстандағы елшілердің дипломатиялық миссиясы ресми түрде басталғанын айтты.
«Жауапты әрі мәртебелі миссияларыңызда елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға серпін тигізеді деп сенемін. Жаңа технологиялар әлем елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін, адамның өмір салтын өзгертеді. Сондықтан Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымды жарияладым. Мен экономиканы, әлеуметтік саланы, сондай-ақ мемлекеттік басқару ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша нақты 10 міндет қойдым. Бұл міндеттерді шешу заманауи технологияларды пайдалануды көздейді», - деп мәлімдеді Елбасы.
Елбасы айтып өткендей, әлем бойынша негізгі әріптестердің бірі ол Ұлыбритания.
«Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық сенімді негізде қалыптасты. Бүгінде Ұлыбритания Қазақстанның ірі әрі сауда серіктестерінің бірі болып саналады. Менің 2015 жылы Лондонға жасаған сапарым өзара ынтымақтастықтың дамуына серпін берді», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан Швеция мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ерекше көңіл бөледі.
«Өткен жылы біздің елдер БҰҰ ҚК жұмысына кірісті. Қазір халықаралық күн тәртібінде өзекті мәселелер бойынша өзара тығыз ынтымақтастық жүргізудеміз. Біз Үндістан Республикасын Қазақстанның сыртқы саяси сауда-экономикалық әріптесі ретінде қарастырамыз», - деді Президенті.
Сондай-ақ, біздің мемлекет Кубамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
Соңғы уақытта қазақстандық-кубалық қарым-қатынас белсенді бола түсті. 2016 жылы мен Кубаға алғашқы рет ресми сапармен бардым. Сіздердің басшылықпен келіссөздер жүргізу барысында елдер арасындағы ынтымақтастық одан әрі дамытудың әлеуетін анықтадық», - деді Н.Назарбаев.
Қорытындысында, Елбасы елшілерге Астанадағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Асқар Маминмен кездесіп, елдің экономикалық дамуы жайлы сөйлесті -
Тоқeев Ливaндағы қазақстандықтардың қауiпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды