- Басты
- ҚТЖ 2018 жылы жүк айналымын арттырады
ҚТЖ 2018 жылы жүк айналымын арттырады

2017 жылы жүк айналымы 208,8 млрд. тонна- шақырымды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары көрсеткіш.
Жүк тиеу көлемі 242 млн. тонна құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 12% өсті.
«Әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау көлемі толығымен орындалды. 103,2 миллион тонна көмір тиелді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 13 миллион тоннаға артып, 14% жоғары болды. Астық және ұн өнімдерін тиеу көлемі 13,5 миллион тоннаға жеткізілді. Оның ішінде 8,9 миллион тонна астық тасымалданды. Ол 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104 пайызға жоғары. Ұн өнімдерін тасымалдау -3,2 миллион тонна болса, 2016 жылмен салыстырғанда 112 пайызға жоғары көрсеткішті құрады», - деп есеп берді ұлттық компания басшысына.
Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 16 миллион тоннаға жеткізіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 23% көтерілді.
«Қытай- Еуропа- Қытай бағдарындағы контейнерлік тасымал екі есеге өсті. Сөйтіп, 201 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) жетті. 2018 жылы транзиттік тасымал көлемін 17,1 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. 2018 жылы Қытай-Еуропа –Қытай бағдарына контейнерлік тасымалды шамамен 340 мың ЖФЭ жеткізу жоспарланды», - деп хабарлады кеңес барысында.
Құрық паром кешені мен Баку-Тбилиси –Карс теміржол желісінің іске қосылуы ТККБ бағдарындағы экспорттық контейнерлік тасымалды еселеп арттыруға серпін берді. Қазақстанның ғаламдық көлік желісіне ықпалдасуына «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты қаржылық қорына әлемдік ірі COSCO Shipping компаниясының кіруі маңызды қадам болып отыр.
2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы-Шу теміржол телімінде екінші желісі іске қосылды. Осылайша телімнің өткізу әлеуеті төрт есеге өсті. Жүрдек жолаушылар пойызын өткізу алты есеге жоғарылады. Учаскелік жылдамдық сағатына 39,6 шақырымнан 44,5 шақырымға көтерілді. Құрық паром кешені арқылы 1,5 миллион тонна жүк өткізілді. Тестілік сынақ ретінде автокөлік паром өткелі іске қосылды.
«Өткен жылды көрсеткіштеріміз жаман болған жоқ. Негізінен, жүк тасымалында оң өзгерістер байқалды. Көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы серпінді дамулардың арқасында біз кешенді логистикалық қызметтерді талапқа сай көрсете аламыз»,-деп атап өтті Компания басшысы жыл қортындысына арналған жиынды қорытындылай келіп.
Компания басшысы жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылай келе, 2018 жылы сала басшыларына қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту, жүк және жолаушылар тасымалын өсіру, транзиттік бағдарларды ұйымдастыру, магистральдық желіні қалыпты ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Оның ішінде Компанияның жүйенің операторы ретіндегі алдында тұрған көлік инфрақұрылымын тиімді пайдаланудағы маңызды міндеттерді белгіледі.
Альянс пен өңірлік серіктестіктерді сақтау арқасында жүк ағындары мен қызмет көрсетудің жаңа бағыттары табысты дамып келеді»,-дей келіп Қ. Алпысбаев «серіктестерді инфрақұрылымдық жобалар мен оның коммерциялық толығуын қамтамасыз ету істеріне жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.
«2018 жылы жүк айналымы 214 млрд. тонна-шақырым, жолаушылар айналымы -15 млрд. жолаушы шақырымды, операциялық табыс 170 млрд. теңге табысты құрауы тиіс»,-дей келіп Компания басшысы 2020 жылдарға дейін транзиттік тасымалды 2 миллион контейнерге жеткізіп, одан түсетін табыстың 5 млрд. долларға жетуі тиістігін атап өтті.
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді
-
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар
-
Антикор: 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
ШОБ-ты қолдау: салықтық ынталандыру, әкімшілік жүктемені азайту, қызметтерді электронды форматқа көшіру

