- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 10 міндет көрсетілген – Нұрсұлтан Назарбаев (ШОЛУ)
Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 10 міндет көрсетілген – Нұрсұлтан Назарбаев (ШОЛУ)
«Мен біз жүзеге асыру керек негізгі 10 міндетті көріп отырмын. Біріншісі, қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізу бойынша басты құралға айналуы керек. Өндірістік процестерді цифрландыру және жаңа бизнес идеяларды енгізу арқылы біздің өндіріс еңбек өнімділігі деңгейін арттыруға қол жеткізуі тиіс. Екіншіден, ресурстық әлеуетті пайдалану тиімділігін арттырған жөн. Себебі, ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажет», - деп ҚР Президенті алғашқы міндеттерді атады.
Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы саласын күтіп отырған өзгерістерге тоқталды.
«Үшіншіден, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс. Ал, төртіншіден, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыта беру керек. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, құрылыс пен ТКШ салаларында заманауи технологиялар пайдаланылуы қажет.
«Жаңа құрылыс әдістері, ғимараттың энерготиімділігін арттыруға бағытталған талаптар, инфрақұрылымды басқару бойынша интеллектуалды жүйелер қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің айтуынша, еліміздің қаржы секторын қайта қарау қажет.
«Банк жүйесін сауықтыру қатаң бақылауда болуы шарт және қарапайым халықтың мүддесі алдыңғы қатарда болуы тиіс. Банк иелерінің және оларды басқарып отырған тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажет. Несиелендіруді кеңейтіп, қор нарығының дамуына жағдай жасалуы тиіс», - деді алтыншы міндет туралы Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің пайымынша, білім саласында үлкен өзгерістер күтіп отыр.
«Білім жүйесінің барлық деңгейлері заманауи және экономика талаптарына жауап беруі керек. Осы ретте, ұстаздардың беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында заманауи технологияларды пайдалану науқастарды емдеуде және ауруды алдын алуда үлкен тиімділігін тигізуі керек», - деді Елбасы.
Айта кетер болсақ, 2016-2017 жылдары әлеуметтік төлемдер үш рет көтерілді. 2018 жылы да бұл үрдіс өз жалғасын табатын болады. Ағымдағы жылы әлеуметтік саланың шығыны 12%-ға ұлғайтылып, 4 триллион теңгеден асып жығылады. Базалық зейнетақы еңбек өтілі ескеріле келе орташа есеппен 1,8 есе ұлғайтылады. Ал, арнайы оқу құрамы бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдірген мұғалімдердің жалақысы санатына қарай 30 дан 50%-ға дейін көбейтіледі.
«Тағы бір міндет тиімді мемелекеттік басқаруды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қалады. Соңғысы «Смарт сити» технолгиясын енгізу қалалардың инвесторлар үшін тартымдылығын артыруға және қалалардың проблемаларын шешуге жағдай жасайды», - деп атап көрсетті ҚР Президенті.
Сөз соңында Мемлекет басшысы аталған он міндетті жүзеге асыруға бірлесіп күш жұмсау қажеттілігін баса айтты.
«Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты. Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылға арналған Қазақстан халықына Жолдау 10 қаңтарда барлық баспасөз беттерінде жарияланатынын хабарлады.
Мөлдір Асқарқызы
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді