- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылға арналған Жолдау 10 қаңтарда барлық баспасөз беттерінде жарияланады – Нұрсұлтан Назарбаев
2018 жылға арналған Жолдау 10 қаңтарда барлық баспасөз беттерінде жарияланады – Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз.Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», - деді сөз басында ҚР Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы адамзат жаңа өндірістік төңкеріс дәуіріне аяқ басып жатқанына тоқталды.
«Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде. Жаһандық технологиялық өзгерістер өзімен бірге жаңа белестер мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін алып келеді. Бұл біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудегі тарихи мүмкіндігіміз», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің айтуынша, ертең, 10 қаңтарда Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдау жарияланады. Ол Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында елімізді дамытуға арналған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылға арналған халыққа Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен өткен жылдың 31 қаңтарында жарияланды. Өткен жылдың Қазақстан халқына арналған Жолдауы еліміздің экономикасын жаңғыртуға және өнеркәсіпті цифрландыруға бағытталды.
Атап өтер болсақ, 2017 жылға арналған Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы алғаш рет баспасөз бетіне жарияланды.
Ал, Мемлекет басшысының алғашқы халыққа Жолдауы 1997 жылы 16 қазанда жарияланды. Ол еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталды.
Мөлдір Асқарқызы
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы