- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы АҚШ елшісімен кездесті
Елбасы АҚШ елшісімен кездесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джордж Кролдың Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуда ерекше рөл атқаратынын айтып, бүгінгі кездесу Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.
«26 жыл ішінде біздің елдеріміз арасында өзара достық қарым-қатынас орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімге қол қойылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен бірге стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарында, соның ішінде терроризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау режімін нығайту саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту бағытында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын айтты.
«Қазақстанда Америка капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, солардың 140-тан астамы – бірлескен кәсіпорындар. Олар тауар өндіріп, өнімдерін басқа елдерге экспорттаумен айналысады», – деді Қазақстан Президенті.
Джордж Крол Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстан Президентінің алдағы сапары екі мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
АҚШ Президент Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді