- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатор Атырау облысы тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады
Сенатор Атырау облысы тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады
Кездесуде депутат Ғ.Дүйсембаев Парламенттің жоғарғы Палатасының өткен жылғы заң шығару қызметінің қорытындылары туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елімізде жүзеге асқан саяси реформалар мен қоғамдық өмірдегі жаңғырулар туралы әңгімеледі. Сенатордың жұмыс сапары шалғайдағы Қызылқоға ауданында одан әрі жалғасты.
Аудан активімен болған кездесуде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басымдықтары туралы жан-жақты айтылды. Депутат Миялы селосындағы әлеуметтік нысандарды аралады.
Сондай-ақ, Сенат депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесуі барысында аймақтың тыныс-тіршілігі туралы айтылды және тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ су құбыры желісін жаңғырту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. М. Көбенов Ертіс өңірін экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады және әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыруға қажетті жәрдемдесуге әзірлік туралы айтты.
Сенаторлар Павлодар ауданындағы Луганск ауылында аймақтағы ірі өндірістік кооперативтердің бірі «Луганск» тауарлық сүт фермасының құрылысында болды. Кәсіпорын жетекшісі Петр Кузьменко депутаттарды нысан құрылысы туралы хабардар етті. 316 мүйізді ірі қара малына арналған кәсіпорын жобасының жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. М. Көбенов пен Н. Нұрсипатов жұмыс істеп жатқан сүт кешенінде болып, еңбек ұжымымен кездесті.
Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда болды. Сенатор 9 қаңтарда Жарма ауданының активімен кездесті. Сенатор «5 институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа аясындағы Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етті.
Еліміздің және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және агроөнеркәсіп кешенді мемлекеттік қолдау шараларына қатысты мәселелер қызу талқыланды. Сенатор одан басқа депутаттардың алдағы заң шығару жоспарымен таныстырып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы әңгімеледі.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді