- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да биыл 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілмек
ОҚО-да биыл 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілмек
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Басқарма басшысының айтуынша, былтырғы жылы өңірде 33 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілген. 2018 жылы тағы да 9 медициналық, оның ішінде 6 емхана мен 1 ауылдық емхана және 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында Шымкент қаласында 3 емхана құрылысы бастау алмақ.
Мәжіліс барасында облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев 2017 жылғы бюджеттің атқарылуын баяндады. Облыс бойынша 2017 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 102,1 пайызға орындалған. Жоспардан тыс 6,5 млрд.теңге қосымша кіріс түскен. Оның ішінде республикалық бюджет 101,3 пайызға орындалып, 2,5 млрд.теңге артық түсім байқалған. Ал жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, түсім 4 млрд.теңгеге көбейген.
«2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда түсімдер 18,4 млрд.теңгеге өсіп отыр» , - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев.
Мәжілісте жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндаған Абдрахман Батырбекұлы 2017 жылы жекешелендіруге жататын 21 нысанның 10-ы жалпы 557,63 млн.теңгеге сатылғанын жеткізді. Жалпы былтыр облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті сатудан облыстық бюджетке 129,9 млн.теңге түскен.
Өз баяндамасында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Арман Сәбитов жоспарлы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау барысында қолданыстағы бюджеттік заңнама талаптарын қатаң сақтауды ұсынды.
Жиынды қорытқан өңір басшысы бюджеттің атқарылуына баса назар аударып, жекешелендірудің кешенді жоспарын белгіленген мерзімде өткізуді, республикалық қаржылардың қысқаруына жол бермеуді және денсаулық сақтау жөніндегі перспективалық жоспарды «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен үйлестіре отырып іске асыруды тапсырды.
«Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытуда мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетіктерін барынша қолдану қажет. Осы ретте биыл атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, нақты іс-әрекет жоспарын бекітуді тапсырамын»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде