- Басты
- Депутаттар БҚО-ның жергілікті тұрғындарымен ауылдық аудандардың дамуын талқылады
Депутаттар БҚО-ның жергілікті тұрғындарымен ауылдық аудандардың дамуын талқылады

Сенаторлар Бөрлі ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу барысында Парламенттің өткен жылғы жұмысы, сондай-ақ қазіргі кезде қаралып жатқан заң жобалары туралы әңгімелеп берді.
Шараға қатысушылар депутаттар мен атқарушы органдар өкілдерінің алдына аудандағы газ өңдеу зауытының құрылысы мен Подстепное-Елек автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселелерін қойды. Ауыл тұрғындары балаларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алуға қатысты шараларына арналған заңдарды қатайтуды қолдады.
Сенаторлар Шыңғырлау ауданында бірқатар құрылыстар мен әлеуметтік нысандарда болды. Шыңғырлаудың батыс жағындағы, еліміз тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген жаңа шағын ауданда парламентшілер жергілікті тұрғындармен кездесті. Жаңа қонысқа келгендер «Нұрлы жер» бағдарламасының жемісті орындалуының арқасында олар тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болғандарын атап өтті. Депутаттар «Болашақ» балалар бақшасы мен «Патриот» дүкенінде де болды.
Сапар барысында сенаторлар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басымдықтарын іске асыру аясында ашылған аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, құнды жәдігерлерлермен танысты. Сенат депутаттары Е. Мұқаев пен Н. Төреғалиев «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және жастар қатысқан кездесуде ауданды одан әрі дамытудың келешегін талқылады.
-
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты
-
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді
-
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады
-
Тәуелсіздік жылдарындағы мәслихат рөлі: Мәслихаттар саяси институт ретінде қалыптасты ма
-
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді
-
Мәжіліс сайлауы: Мәжіліс депутаттары жоспарымен бөлісті

