- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана деңгейі артты
Қазақстандықтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана деңгейі артты
2017 жылы Агенттік үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе белсенді түрде алдын-алу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта әрбір қазақстандық дерлік жемқорлық жағдайында қалай әрекет етуді біледі, сондай-ақ елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен таныс.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспары жүзеге асырылды.
Жоспар қоғамдық өмірдің түрлі салаларына әсер ететін 11 тақырыптық бағытта 15 жоба мен күнтізбелік іс-шараларды қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу мәселелері «Оқулық», «Тәрбие», «Ғылым» жобаларында көрсетілген.
«Алдын алу жұмыстары халық арасында қолдау тапты. «Әлеуметтік-Зерттеу» Стратегиялық Орталығы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік сауалнамасының нәтижелері бойынша респонденттердің 70% -ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық кампанияның жалғасуын қолдайды»- деді агенттік.
Бұдан басқа, өткен жылы «ПРЭКО Консалтинг» компаниясымен жүргізілген зерттеудің нәтижелері жемқорлыққа қарсы сана-сезімнің артуын көрсетеді. Респонденттердің шамамен 60% сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қатысуға дайын екендігін білдірген болатын.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер