- Басты
- Жаңалықтар
- Министр байланыс қызметінің жаңа ережесін түсіндірді
Министр байланыс қызметінің жаңа ережесін түсіндірді
«Қымбатты достар!Біздің министрлік Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізуде. Бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр», - деді министр.
Дәурен Абаев осыған байланысты бірнеше мысал келтірді.Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл - негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің «минус» болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз.
Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады.
«Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз», - деді ведомство басшысы.
Министр айтып өткендей, жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру