- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарына тоқталып өтті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырып, жауапкершілігі мол міндеттемелерді жүзеге асыратын болады. Биыл цифрлық Қазақстан бағытындағы маңызды элементтердің бірі - «Астана» халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптар технопаркі өз жұмысын бастауы тиіс», - деді Министр.
Е.Шорманов 2015 жылғы 20-тамыздан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, кейін Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
Айта кетейік, Шорманов Ербол Әлімқұлұлы 1968 жылғы 20-тамызда дүниеге келген. Ол Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Ербол Шорманов еңбек жолын 1991 жылы ҚР Кеден органдарында бастап, 2005 жылға дейін қызмет етті.
Ұлттық компанияға дейін, Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, экология, энергетика, өнеркәсіп, сауда, шағын бизнес, санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал мәселелерін қадағалады. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімі аппаратына, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне жетекшілік етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады