- Басты
- Жаңалықтар
- АӨК-ні цифрландыруға 20 қостанайлық кәсіпорын іріктелді
АӨК-ні цифрландыруға 20 қостанайлық кәсіпорын іріктелді
«Қостанай облысы АӨК саласын цифрландыру бойынша пилоттық болып белгіленді. Себебі ол индустриалды-аграрлық өңір болып табылады. Мұнда тамақ өндірісінің 27%-дан астамы өндіріледі», - деп түсіндірді М. Мырзалиев.
Әкімнің орынбасары еске салып кеткендей, цифрландыруды АӨК-пен қатар өзгеде салаларға енгізу керек. Сонымен қатар, ол ресейлік «Яндекстіңде» тәжірибесін еске салды. Қажет болған жағдайда Қостанай облысында да енгізуге болады. Мұндай келісімге М. Мырзалиевтің Ресей Федерациясына сапары барысында қолжеткізілді.
Цифрландыру барысы туралы алқа мәжілісінде әр басқарма есеп берді.
Сонымен, ауыл шаруашылығы басқармасында хабарлағандай, бүгінде өңірдегі 700 кәсіпорынға цифрландыру элементтері енгізілген: олар егін алқабының жағдайын бақылайтын жер серіктік мониторинг, автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын бақылау, жанармай деңгейін көрсететін құрылғы, агробағыттаушылар. Мал шаруашылығында малды чиптеу.
«Алайда бұл аздық етеді. Осы ретте, аймақтағы 9 аудан мен қалаларда жақсы өндірістік көрсеткішке қолжеткізген, қаржылық-тұрақты жағдай қалыптасқан және АӨК цифрландыру пилоттық жобасына қатысуға мүмкіндігі бар 20 кәсіпорын іріктеліп алынды»,- деп хабарлады басқармадан.
Аталмыш жұмысқа ведомство өкілдері аймақтағы ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындарының өкілдерін, сонымен қатар аймақтың Кәсіпкерлер палатасы өкілдерін тартуды көздеп отыр.
Бұдан басқа, құрал жабдықтарды жеткізуші фирманың өкілдерімен кездесу өткізілді. Олар кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуға дайын және аталмыш бағытта жұмыс істеу бойынша өз ұсыныстарын беруде.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев әр ведомсвто басшысына цифрландыруды әр салаға енгізу бойынша өз ұсыныстарын даярлауды және бұл жұмысты бүге-шүгесінен дейін ойластыруды тапсырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды