- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары Маңғыстау облысының дамуымен танысты
Сенат депутаттары Маңғыстау облысының дамуымен танысты
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Михаил Бортиков, Бақтыбай Челпеков және Дулат Қуставлетовты қабылдады.
Кездесу барысында өңір басшысы депутаттарды облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен таныстырды.
«2017 жылғы көрсеткіш бойынша Маңғыстау облысындағы өндіріс көлемі 100%-ға жетті. Инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 82,2% -дан 104%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, бұрын жоспарланған барлық әлеуметтік-экономикалық жобалар жүзеге асырылды. Олардың арасында алдағы уақытта жалғасын табатын үлкен жобалар да бар. Солардың бірі - «Нұр Капитал». Кәсіпкерлерге 1%-бен несие беретін бұл бірегей жоба Елбасының қолдауына ие болды. Сонымен қатар, Құрық портында 1 млн. 200 мың тоннадан астам жүк тасымалданды. Жылына қосымша 2 млн. тонна жүк тасымалдайтын жаңа автокөлік паромы пайдалануға берілді», - деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, облыс әкімі Сенат депутаттарына отандық туризмді дамыту мақсатында «Ата жол» жолын қайта жаңартудың басталғанын баяндады. Ералы Тоғжанов бұл реконструкция жұмысы Маңғыстау облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдауы аясында Инвестициялар және даму министрлігімен ынтымақтаса отырып атқарылатын көптеген жобалардың бірі екенін атап өтті.
Қошқар ата қалдық қоймасын қалпына келтіру туралы депутаттардың сұрағына Ералы Тоғжанов осы мақсатта республикалық бюджеттен 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты.
«Қазір сұйық фазаны тұрақтандыру үшін КОС-1-ден 7,7 миллион текше метр тазартылған су қалдық қоймаға шығарылады. Бұдан басқа Басқұдық ауылының микроклимат, экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақтандыру үшін жалпы ауданы 8,2 гектар болатын жасыл аймақты құру басталды. Сондай-ақ, ұзындығы 3 км болатын жасыл қорғаныс белдеуін құру жоспарланған», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы