- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қылмыстық процесті жаңғырту заңының қолдану тәжірибесі талқыланды
Астанада қылмыстық процесті жаңғырту заңының қолдану тәжірибесі талқыланды
Оның жұмысына Бас Прокурордың орынбасарлары, орталық аппараттың қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы облыс прокурорлары қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңның аясында атқарылған бір апталық жұмыстың тәжірибесі мен туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.
Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Заң талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жиын өткізілді, облыс прокурорларына Заңды қолдану тәртібі мен жеке құрамды оқыту бойынша Нұсқау жолданды, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленді.
Облыс прокурорларының есебін тыңдаған Қ.Қожамжаров қылмыстық қудалау саласында азаматтардың конституциялық құқығын бұзу фактілеріне жол бермеу керектігін, себебі бұл адамның жеке бас бостандығын шектеумен, ұстау мен қамауға алумен байланысты екендігін атап өтті.
«Прокурор заңдылықтың сақталуының кепілі, өңірлік прокурорларға уақытылы әрекет етулеріңізден азаматтардың қорғалу деңгейі әсер етеді», - деді Бас прокурор.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды