- Басты
- Жаңалықтар
- Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді
Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді
8 Қаңтар, 2018 18:41
Каспий маңы мемлекеттері Қара және Жерорта теңіздеріндегідей порттарда кемелерді мемлкеттік бақылау бірыңғай режимін бекітуге шешім қабылдады. Сол себепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басқа елдердің салалық ведомстволарымен порттық бақылауды іске асыру тәртібіне қатысты келісу жөнінде жұмыстар атқаруда.
ИДМ хабарлағандай, бірыңғайланған тәсіл теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін арттыруға және аймақта субстандартты кемелерді пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде теңіз аварияларының санын азайтуға, кеме экипажы мүшелері мен жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін арттыруға, көлік құралдары мен жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сонымен бірге, техникалық жағдайы жақсы кемелерді тексеру саны қысқарады және кеменің жүзу қауіпсіздігі тұрғысынан қауіпті көлік құралдарын тексеру үшін ресурстарды пайдалану тиімділігі артады.
Қазіргі уақытта Каспийде 1600-ге жуық теңіз кемесі пайдаланылуда. Олардың 320-сы Қазақстан туымен жүреді. 2017 жылы қазақстандық порттарға шамамен 2 мың кеме кірген.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар -
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда -
6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ -
2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді -
Түркістан қаласының келбеті қалай өзгереді