- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыдағы қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі мамырда іске қосылады
Қарағандыдағы қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі мамырда іске қосылады
«Электронды билеттеу бағдарламасын «SMART CARD» алматылық компаниясы жүзеге асыруда. Онымен біз өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Қазіргі таңда қаламыздың барлық 9 жолаушы тасымалдаушы мекемелері компаниямен келісімшарт жасасты. Қаңтардың соңына дейін қарағандылық филиал ашылады. Содан соң қала автобустарына төлем терминалдарын орнату, сондай-ақ төлем карталарын жасау жұмыстары басталады» , - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының әкімі.
Жүйені мамырда іске қосу жоспарланып отыр. Жеңілдік берілетін азаматтар мен мектеп оқушылары үшін фото суреті бар жеке дара карталар әзірленеді, соның арқасында жалған карталарды жасау және басқа адамдарға беру жайттары шектетіледі. Сонымен қатар жолаушылар төлемді ұялы байланыс арқылы төлей алатын болады.
Қала әкімі электронды билеттеу жүйесінің артықшылықтарын атап өтті.
«Бірінші кезекте бұл үлкен оң әсер береді, себебі жолаушы тасымалдаушылардың қаржылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл жүйе жергілікті атқарушы органдарға жеңілдік алатын азаматтар санатын тасымалдау және әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауда нысаналы демеуқаржы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұрлан Әубәкіров.
Өз кезегінде, жолаушы тасымалдаушылардың кірісін толық жиналымдар есебінен және сәйкесінше, бюджетке олардың қызметінен түсетін түсімдер есебінен ұлғайту жоспарланып отыр.
Құқық қорғау органдарымен жасалған келісімге сай әрбір автобуста 4 бейне бақылау камералары орнатылатын болады.
Ерлан Қошанов жүйені енгізу процессін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«Бұл барлығымыз үшін қажет және маңызды жүйе. Ең бастысы – жолаушы тасымалдау көліктерінің жұмыс сапасын жоғарылату. Әзірге шағымдар көп», - деп атап айтты облыс әкімі.
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады