- Басты
- Жаңалықтар
- Электрондық еңбек биржасына 4 интернет алаңы қосылды
Электрондық еңбек биржасына 4 интернет алаңы қосылды
Аталған интернет-алаңдарында орналасқан бос жұмыс орындарын www.enbek.kz адресі арқылы Электрондық еңбек биржасынан да іздеуге болады. Бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты қарау үшін негізгі сайтқа кіреді, деп хабарлады Еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жұмыс іздеу мен қызметкерлерді іріктеуде дәнекерлеу қызметтерін жүзеге асыру мақсатында Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан 27 жеке жұмыспен қамту агенттіктері порталда жеке кабинеттерін тіркеп, Электрондық еңбек биржасын қолдануда.
Бұған дейін хабарланғандай, Электрондық еңбек биржасы 2017 жылдың қазан айынан бастап Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істеді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша іске қосу жүзеге асырылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жаңа бизнес-процесс бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмыс берушілерден www.enbek.kzпорталы арқылы келген үміткерлерді іріктейтін болады.
«Жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын тіркеу үшін жан-жақты тәртіп енгізілген, яғни бос жұмыс орындарын халықты жұмыспен қамту орталықтарына міндетті түрде бармай-ақ ұсынуға болады. Жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы бере алады. Бұл халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметті ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді», - делінген хабарламада.
Электрондық еңбек биржасына тіркелу үшін портал қызметін толық пайдалану мақсатында электрондық адресті, орналастырылатын мәліметтердің дұрыстығын бекіту және растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны көрсету жеткілікті.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс берушілермен өзара қызметтері белсенді және нақты байланысқа өтеді. Тәжірибеде жұмыс берушілердің талаптарына бағытталған әрекеттер жүзеге асырылатын болады. Жұмыс берушілердің талаптарына сай келетін жұмыс іздеуші HR-қызметтері секілді біліктіліктері бойынша іріктелетін болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары