• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенаторлар Павлодар облысының сот, прокуратура және ҰҚК өкілдерімен кездесті

Сенаторлар Павлодар облысының сот, прокуратура және ҰҚК өкілдерімен кездесті

8 Қаңтар, 2018 12:23
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Манап Күбенов пен Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Сенаторлар облыстық сот, прокуратура, ҰҚК басқармасы, ішкі істер бөлімі, шекара қызметінің әскери бөліміндеріне барды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы өткен жылғы парламенттің жоғарғы палатасының заңнамалық қызметінің нәтижесі туралы болды. М.Күбенов пен Н.Нұрсипатов конституциялық реформа туралы әңгімелеп берді, оның барысында президенттік биліктің бірқатары заң шығарушы және атқарушы билігіне ауысқандығы туралы айтылды. Негізгі заңдағы түзетулер адам құқықтарын қорғау, сонымен қатар, сот органдарының және прокуратураның қызметіне конституциялық негіздерінде енгізіледі.

Сенаторлар отырысқа келген қатысушыларды әкімшілік және қылмыстық заңнаманы адамгершілікке жатқызуға бағытталған бірқатар құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті.

М.Күбенов пен Н.Нұрсипатов кездесуге келген қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ Ертістегі заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жетілдіру перспективаларын талқылады.

Барлық жаңалықтар