- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагері ашылады
Ақтөбеде жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагері ашылады
Балалар демалатын аймақ 13 гектар алаңда орналасқан. Мұнда табиғаттың өзі барлық жағдайды жасап қойғандай: өзен алқабы жақын, талы көп, шөбі мол шабындықтар мен құмды жағажайлар орналасқан. Жуырда лагерьдің аумағында балалардың сабақтан қол үзбей-ақ сол жерде тұрып, демалулары үшін жаңа оқу корпусын салу жұмыстары басталады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Елбасы қоғамымыздың басты әлеуеті болып табылатын балалардың жан жақты дамуына қашанда баса назар аударады. Сондықтан, біз облысымызда «Артек» үлгісіндегі жыл бойы жұмыс жасайтын заманауи балалар лагерін ашуға бар күшімізді салуымыз керек. Келешекте ол халықаралық болуы тиіс. Мұнда барлық аудандардан, Қазақстанның басқа облыстары мен көрші елдерден балалар келетін болады», - деді Б.Сапарбаев.
Өткен жылдың жазында 112 мыңнан аса ақтөбелік оқушы жазғы лагерьлерде демалды, бұл оқушылардың жалпы санының 92 пайызын құрайды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 152 миллиондай теңге бөлінген болатын.
Облыста барлығы 11 қала сыртындағы, 384 мектеп жанындағы және 37 шатырлы лагерь жұмыс жасайды. Лагерьлерде балалардың шығармашылық тұрғыдан және тұлға ретінде толықтай дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарына баулуға және сауықтыруға қажетті барлық жағдай жасалған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері